Басшылық
Каринтаева Анар Сыдыққызы

Каринтаева Анар Сыдыққызы

Талдықорған облысы, Қоғалы ауылында дүниеге келіп, Алматы қаласында білім алды. Кішкентай кезінде дипломат болуды армандағанымен, талғамы биік, кәсіби журналист болды. Дегенмен, журналистикада да сол дипломатиялық әдептілікті жиі қолданады. Жұмыста ең алдымен жауапкершілік пен адалдықты бағалайды.

Бос уақытында жанына жақын адамдармен кофе немесе қазақтың шайын ішіп, әңгіме-дүкен құрғанды ұнатады. Себебі, дәл осындай сәттерде әңгіме қызып, шындық айтылады. Ел аралап, саяхаттағанды, бұрын соңды көрмеген, білмеген дүниелермен танысқанды жақсы көреді. Жалпы, өмірге ғашық жан! Сүйікті фильмдері - «Легенды осени» және «Крестный отец». Абай, А.Дюма, М.Твен сынды авторлардың шығармаларын сүйіп оқиды. Адам өзіне сеніп, басқаларға сенім артуы керек деп есептейді.