Басшылық
Буць Сергей Павлович

Буць Сергей Павлович

1984 жылы 25 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік Агротехникалық университетін «Программное и аппаратное обеспечение вычислительной техники и сетей» мамандығы бойынша оқып бітірді. Біліктілігі бойынша инженер, жүйе технигі. 

"Астана" телеарнасына 2007 жылдың ақпан айында келді. Қазіргі уақытта арнаның техникалық директоры қызметін атқаруда.

Көрерменді сапалы техникалық қызметпен қамтамасыз ету үшін бірталай жауапты әрі маңызды жұмыстармен айналысады. Телевизиялық хабарлардың эфирге шығуы барысында барлық технологиялық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қадағалайды. Өз ісінің маманы. Жұмысына берік, сенімді.

Жалпы, Сергей - сенім артуға болатын адам. Үйленген, бір баланың әкесі.