Басшылық
Переверзев Евгений Анатольевич

Переверзев Евгений Анатольевич

1975 жылы 9 наурызда дүниеге келді.

Жоғарғы білімді экономист. Үйленген.

БАҚ-дағы еңбек жолын 1999 жылы "Қазақстан" ТРК "Астана" радиосының ди-джейі қызметінен бастады. 2001 жылы "Қазақстан" арнасындағы "Таңшолпан" таңғы бағдарламасының жүргізушісі ретінде алғаш рет эфирге шықты.

Сондай-ақ 1999 жылдан бүгінгі күнге дейін жарнама саласында копирайтер болып жұмыс істейді.

2002-2009 жылдары "РДВ" ("Астана қ.теледидары" ЖШС) радиосының бағдарламалық директоры қызметін атқарды. Астана қ. "Ересектерге арналған Радио", "Радио деловая волна" сынды радиотолқындардың негізін қалаушылардың бірі болып табылады.

2006-2009 жылдары "Астана" телеарнасында "2030" ақпараттық бағдарламасының тележүргізушісі болып жұмыс істеді.

2009 жылы "Жетінші арнаның" промо-бөлімін басқарды, "Жетінші арнаның" ресми "дауысы" болып табылады.

2012 жылы "Жетінші арна"телеарнасының креативті директоры қызметін атқарды.

2019 жылдан бастап "Астана қ.теледидары"ЖШС Бас директорының телевизиялық өндіріс жөніндегі орынбасары болып табылады.

Сүйікті жазушы: А. Чехов.

Сүйікті музыка: Jazz, Country, OldRock

Киноман