Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстан бірқатар емдеу орындарын израильдік ұйымдарға басқаруға беруге дайын

AstanaTV
14.12.2016ж. 20:00
2355
Қазақстан бірқатар емдеу орындарын израильдік ұйымдарға басқаруға беруге дайын

Қазақстан - Израильмен тамаша қарым-қатынас орнатқан тұңғыш мұсылман мемлекеті. Бүгін елімізге ресми сапармен келген Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осылай деп мәлімдеді. Және осы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша алғыс білдірді. Тараптар өзара қарым-қатынас бойынша маңызды құжаттарға қол қойды. Келешекте Қазақстан мен Израиль арасында визасыз режим орнауы әбден мүмкін. Ал бірқатар емдеу орындары израильдік ұйымдардың басқаруына берілуі ықтимал.

Бұл Биньямин Нетаньяхудың Қазақстанға тұңғыш ресми сапары. Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бастау алады. Екі елдің сауда-экономикалық байланысы нәтижесінде 270 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Өзара сауда айналымы 9 айда 237 млн долларға жеткен. Қазақстан бұл елге мұнай мен металл экспорттайды. Ал біз еврейлерден көлік, пластмасса өнімдерін импорттаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс Израильдің озық технологияларын қолдана отырып дамып келе жатқанына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я благодарен, что мы создадим совместную комиссию. Переработка всех видов продуктов, экономное орошение земли - это то, что мы хотели бы у вас перенять в порядке опыта.

Денсаулық сақтау саласында да Израильдің жетістіктері баршылық. Осы ретте мемлекет басшысы, болашақта бірқатар емдеу орындарын израильдік компанияларға басқаруға беруге болады, деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Тысячи казахстанских медицинских работников прошли обучение в Израиле. Ваши специалисты ежегодно проводят мастер-классы на базе казахстанских медицинских центров. Мы полагаем необходимым расширить данное сотрудничество. В связи с этим, мы готовы рассмотреть возможность передачи в доверительное управление ряда университетских клиник израильским организациям.

Биньямин Нетаньяху Қазақстанның Израильмен жақсы қарым-қатынас орнатқан алғашқы мұсылман мемлекеті екенін айрықша атады.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

Қазақстан - Израильмен тамаша қарым қатынас орнатқан тұңғыш мұсылман елі. Бұл тек екі мемлекет үшін ғана емес, әлемдік қауымдастық үшін де аса маңызды. Өзге елдер сіздерден үлгі алып келеді. Осы үшін сізге айрықша алғыс айтамын. 

Сондай-ақ Израиль премьер-министрі қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды дамытуға үндеп, ол үшін біздің мемлекеттің жастарын өз еліне шақырды.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

Егер бір топ жас әрі дарынды математиктер барса, біздегі хай-тек индустрияны меңгерер еді. Осы бойынша арнайы келісімшарт жасассақ, тіпті оңтайлы болар еді. Кезінде біз де АҚШ-тағы стартап жобаларды меңгеріп, ауқымды тәжирибе жинақтадық.

Сондай-ақ бүгін елордада қазақ-еврей бизнес-форумы өтіп, бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды. Енді Қазақстан Израильге аптасына 40 тоннадай ет өнімдерін саудалауды жоспарлап отыр. Өнімнің алғашқы легін аттандыру 3-4 айдан соң басталуы мүмкін. Ал израильдік аграрийлер Қазақстанға тамшылатып суғарудың  жетілдірілген әдісі мен өсімдік тұқымын алып келмекші, бұл өнімді 5-6 есеге жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Михаэль Роээ, Қазақстан-Израиль билатеральді сауда-өндірістік палатасының төрағасы:

Дақылды қалай суарып, қалай өнім алып және оны қалай саудалауды біз білеміз. Алдымен бұл іс жоспарланады, сонан соң ғана шаруаларға қалай жұмыс істеу керектігі жайлы нұсқау беріледі. Израильде шаруалардың жағдайы өте жақсы, олар қымбат көлік мініп, зәулім үйлерде тұрады. Қазақстандағы қожалық иелерінің де осындай жағдайға қол жеткізетін сәті туды. 

Тағы бір маңызды жоба - болашақта Алматы облысында израильдік инвесторлардың қолдауымен азық-түлік өндіретін зауыт бой көтермек. Ал онда өндірілген тауар негізінен Қытайға экспортталады.   

Базаргүл ОТЫНШИЕВА