Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

AstanaTV
05.01.2017ж. 20:00
3687
Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

"Астанадағы Сарыарқа ауданы әкімнің орынбасары Риза Акчурин бұл қызметті бірталай жылдан бері атқарып келген". Осылай деп біздің арнамызға аталған ауданның басшысы хабарлады. Айта кетейік, Акчуриннің жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілініп темір торға қамалғаны жайлы ақпар тараған еді.

Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының мәліметіне сүйенсек, ол «Астана тазалық» серіктестігінің бұрынғы басшысымен бірігіп екі бірдей компанияға құрылтайшылық жасаған. 2016 жылы қала көшелерін тазарту бойынша барлық конкурстарда осы қос кәсіпорын заңсыз жолмен жеңіске жетіп, пайдаға кенеліп отырған. Аудан әкімінің орынбасары мемлекеттік сатып алулардан 1,8 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Алдын ала тергеу қорытындыларына сай, Акчурин өзі құрылтайшы болып табылатын компаниялар жеңіп шығуы үшін әкімдіктің бірнеше қызметкеріне пара берген. Қазір осы іске қатысы бар тұлғалар тергеу изоляторына қамалды.

Арман Тұрлыбек, Астана қ, Сарыарқа ауданының әкімі:


Болған жәйт туралы нақты ештеме біле алмай отырмын. Мен де мұны ақпарат құралдарынан естідім. Ол кісі әкімдікте баяғыдан бері қызмет істеп келеді, ал менің тағайындалғаныма әлі 2 ай да болған жоқ. 

Дәуренбек БАҚДАУЛЕТ