Жаңа жылдың алғашқы күні Қарағанды облысындағы Шахан кентінде тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқан қазандық жарылып, үйдің бір подъезі опырылып түсті. 9 адам, 3-і бала, опат болды. Үйде 118 адам, ал опырылған бөлігінде 25 адам тұрған.
Тоқталатын бірнеше мәселе бар. Біріншісі – құрылыс нормалары мен ережелері бойынша көпқабатты тұрғын үйлерде қазандық орнатуға болмайды! Тыйым салынған. Ал тек Шахан кентінде жертөлелерде салынған 14 қазандық бар. Тоқсаныншы жылдары орталықтандырылған жылу жүйесі істен шыққасын тұрғындар оларды өздері орнатқан – енді қайтеді, үсіп өле ме? Ал құзыретті органдар бір де бір рет тексермеген.
Лидия Примак,
Шахан кентінің тұрғыны:
Өзіміз қойдық, өзіміз тексеріп, жақтық. Әкімдік жылу маусымына дайын, - деп
қағазға түрте салды, осымен іс бітті.
Сержан Аймақов, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының әкімі:
Ол енді өздерінің жекеменшік қазандығы ғой. Жекеменшік болғаннан кейін
өздеріне байланысты. Барлық техникалық безопасность дейді, барлығын өздері
қарап отырады. Негізгі барлық жауапкершілікті сол үй комитеттері өздеріне алып
отыр.
Қазандықтардың сызбасы мен оны орнатуға болатыны туралы ешқандай құжат жоқ. Демек қазандықтар заңсыз орнатылған. Бірақ атқарушы биліктің сөзі анау - Барлық жауапкершілікті үй комитеттері өздеріне алып отыр. Әрине, орталықтандырылған жылу жүйесін қалпына келтіре алмағасын, шенеуніктер үшін адамдардың проблеманы өздері шешіп, тыныш отырғаны өте ыңғайлы. Бірақ қазандықтарды тұрғындардың өздері орнатуға кіріскенде, қалай, бір де бір шенеунік – ау, норма былай ғой, қазандықпен ойнауға болмайды, - демеген? Сол күні электр энергиясы өшіп қалған, соның кесірінен жылу жүйесінің насостары тоқтап қалған. Соның кесірінен қазандағы температура нормадан тыс көтерілген. Соның кесірінен жарылған...
Екінші мәселе - орталық қазандық салуға жертөлелердегі қазандықтарды қайта монтаждау қосылды. Орталық қазандық салынғанша, дербес қазандықтарды көшелерге орнату керек. Осының бәрі шынымен істеле ме?
Ал Шымкенттегі барак типтес екі қабатты үйдегі газ баллонының жарылысынан кейін ол үй тұруға жарамсыз. Бір әйел көз жұмды. Бөпесі жылап қалды. Бесікте бөленіп жатқанынан аман қалған бөпе...Пәтерлерін жалға берген үй иесі Аманбек Сәуірбаев газ пешін талапқа сай орнатпаған. Арнайы құрылған комиссияның қорытындысына сілтеме жасаған қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.Үйде түтін шығатын труба, желдеткіш болмаған. Сондықтан газ бен ауа қоспасы жиналып, жарылыс болған.
Елімізде
көп пәтерлі тұрғын үйлердің 25 пайыздан астамы орталықтандырылған жылу жүйесіне
қосылмаған. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы әбден тұралаған. Қорытынды
осы.