Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігінде жаһандық соғысты болдырмауды мақсат тұтады

AstanaTV
11.01.2017ж. 20:00
2276
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігінде жаһандық соғысты болдырмауды мақсат тұтады

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігінде жаһандық соғысты болдырмауды мақсат тұтады. Бұл Нью-Йорктегі Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси үндеуі. Мұны ұйымның бас пәтерінде өткен жиында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жеткізді. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің, Ресей, Қытай, АҚШ-тың тұрақты өкілдері және бірқатар елдің сыртқы саясат басқармасы басшылары қатысқан. Жиында Сыртқы істер министрі президенттің үндеуінде халықаралық бейбітшілікті сақтауда күш жұмылдыру керектігіне баса мән берілгенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Біз жаһандық проблемаларды шешудің жолдарын іздестіруге сүбелі үлес қосатын боламыз. Тұрақты және қауіпсіз әлем - бұл азаматтарымыз бен балаларымыз үшін аса қажетті құндылық. Біз жаһандық қоғамдастықтың назарын бұған дейінгі көкейкесті бастамаларымызға аудару ниетіндеміз. Олар ядролық қару мен соғыс вирустары және жанжалдардан азат әлем құруға бағытталған. Қазақстан осы ізгілікті мақсаттарына БҰҰ-ның құрылғанына 100 жыл толатын 2045 жылға қарай қол жеткізу үшін жұмыс істейтін болады. Біз менің БҰҰ-ның 2015 жылы өткен Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында жариялаған терроризмге қарсы бастамамды ілгерілетумен айналысамыз».