Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Қазинвестбанк» депозитіне салынған БЖЗҚ-ның 3 млрд теңге қаражаты қайтарылады

AstanaTV
13.01.2017ж. 20:00
2330
«Қазинвестбанк» депозитіне салынған БЖЗҚ-ның 3 млрд теңге қаражаты қайтарылады

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге 15 екінші деңгейлі банкке берілген. Ол мемлекеттік бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін бөлінген. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева айтты. Ал лицензиясынан айырылған «Қазинвестбанкқа» 3 млрд теңге бөлінген. Бұл соманы  Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшылардың қаражатын қайтарған соң, зейнетақы қорына аудармақ.

Дина Ғалиева, ҚР Ұлттық банкі  төрағасының орынбасары:


Аталған сома шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Бұл көмекті шындығында кәсіпкерлер пайдаланды. Қазіргі уақытта "Зейнетақы қоры" ақшасын "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан" ала алады. Сондай-ақ «Қазинвестбанк» активтерін басқа банкке беру жағы қарастырылып жатыр. Бұлай болған жағдайда қаражатты басқа банктен қайтаруға мүмкіндік бар.

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын жұмсады деп айыпталған Руслан Ерденаевтың орны ұзақ уақыт бос қалған жоқ. Бүгін Алматыда Бас банктің төрағасының орынбасары Дина Ғалиева зейнетақы қорының жаңа басшысын Нұрбибі Наурызбаеваны таныстырды. Айта кетейік, ол осыған дейін Ұлттық банктің аудит департаментін басқарған. Сондықтан жаңа басшыға бұл қызмет таңсық емес, деді.