Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Оралда тамақтан уланғандардың дауы аяқталуға жақын

AstanaTV
18.01.2017ж. 20:00
2880
Оралда тамақтан уланғандардың дауы аяқталуға жақын

Оралда бургерден жаппай уланғандардың дауы аяқталуға жақын. Дауға қалған дәмхананың қожайыны астан уланған адамдардан кешірім сұрап, материалдық және моральдық шығынын толық өтеген. Сондықтан зардап шеккен тұрғындардың кәсіпкерге тағар кінәсі жоқ көрінеді. Бұл туралы  осы іске қатысты өткен сот отырысында «Бургер стрит+» дәмханасы қожайынының қорғаушысы Айгүл Орынбекова мәлімдеді.

Айгүл Орынбекова, дәмхана қожайынының қорғаушысы:

Біз  істі қысқартуды ұсындық. Тамақтан уланып шағым түсіргендердің барлығына дәмхана иесі келген шығынды  өтеп берді. Енді олардың бізге өкпесі жоқ.

Эльмира Қиматова, БҚО тұтынушылар құқын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

Ауруханада емделгендер моральдық шығыны үшін 100 мың теңге, ал екі кішкентай бала мен жүкті келіншек 300 мың теңге талап етті. Дәрігер қарауында болған тағы үш адам 100 мың теңгеден талап етті. Сосын дәрі-дәрмек алуға кеткен шығындары тағы бар.

Айта кетелік, 9 қараша күні Оралдағы "Бургер стрит+" дәмханасында ас ішкен 29 адам өздерін жайсыз сезініп, ауруханадан бір шыққан еді. Дәрігерлер науқастардан сальмонеллёз жұқпасын тапты. Кейіннен даулы кафеде санитарлық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталды. 

Еркін КАРИН