Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Давос форумына Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері таныстырылады - ИДМ

AstanaTV
19.01.2017ж. 20:00
2301
Давос форумына Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері таныстырылады - ИДМ

Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан 47-ші дүниежүзілік экономикалық форумға қатысқан адам саны рекордтық көрсеткішке жетті. Жаһандық жиынға 3 мыңнан астам делегат келген. Форум - тек пікірталас алаңы емес, екі жақты кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік беретін орта.

100-ден астам мемлекеттің арасында Қытай басшысы Си Цзиньпин бастаған аспан асты елі де бар. Олар 1979 жылдан бері форумға бірінші рет қатысып отыр. Есесіне, Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд жиынға келген жоқ.

Ал қазақстандық делегацияны Давосқа инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бастап барды. Ведомствоның дерегінше, жиында еліміздің «инвестициялық және көліктік хаб» ретіндегі мүмкіндіктері таныстырылады. Сондай-ақ бірқатар шетелдік ірі компаниялардың жетекшілерімен кездесулер өткізу жоспарланған.

 Айгүл ӘДЕПБАЙ