Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мемлекеттік органдардың кейбір талаптары отандық бизнесті дамытуға кедергі болуда

AstanaTV
19.01.2017ж. 20:00
2038
Мемлекеттік органдардың кейбір талаптары отандық бизнесті дамытуға кедергі болуда

Мемлекеттік органдар тарапынан қойылатын кей талаптар отандық бизнесті дамытуға кедергі келтіруде. Бас прокуратурада өткен жиында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері осылай деп мәлімдеді. Олардың дерегіне сай, кәсіпкерлер орындауға міндетті талаптар қайта қаралған. 2 айға жуық уақытқа созылған тексеру барысында 40-тан астам санитарлық ереже қарастырылған. Зерттеудің қорытындысы бойынша 11543 талаптың тек 2371-ін қалдыру көзделген.

Бірақ санитарлық қағидалардың бұлай күрт азаюы бизнес иелерінің арқасын кеңге салуына жол бермейді. Жауапсыздыққа бой алдырғандарды ешкім де маңдайынан сипай қоймасы анық. Қазір жаңа тексеріс құжаттарын бекіту туралы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы "Атамекен" палатасының қарауына түскен.  

Ербол Өстеміров, «Атамекен» ҰКП қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры:

Бәрін жаңадан зерттеп, бірлесіп Бас прокуратурамен, ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жасадық. Соның ішінде енгізілген талаптардың 80 пайызын алып тастауға ұсыныс бердік. Біздің жасаған талдау мен кәсіпкерлерден түсіп жатқан арыздары көрсеткендей, көптеген талаптар сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық деп таныса болады.