Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Астаналық процесте» алғаш рет сириялық оппозиция қатысады деп күтілуде - С. Лавров

AstanaTV
20.01.2017ж. 20:00
2546
«Астаналық процесте» алғаш рет сириялық оппозиция қатысады деп күтілуде - С. Лавров

"Астаналық процеске» алғаш рет Сирия оппозиция өкілдері қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров көрші елге ресми сапармен барған Қайрат Абрахмановпен өткен келіссөздерден кейін мәдімдеді. Сондай-ақ, ол Араб елінің үкіметі мен оппозициялық топтар арасында бүгінге дейін тікелей талқылаулар болмағанын айтты. Астана кездесуі сириялық дағдарысты реттеуге жаңа бетбұрыс болмақ, деген Лавров аталған процеске Қазақстанның әуел бастан қомақты үлес қосып жатқанын еске салды. Сирия келіссөздеріне АҚШ-тың қатысуына келсек, Мәскеу Дональд Трамптың әкімшілігі өкіл жібереді сеп сенеді.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:

Өкінішке орай, сәуір айынан бері келіссөздер тоқтап тұрған. Қазір басты талап - процесті қайта жандандырып, маңызды қадам жасап, қарулы оппозиция мен  жерді бақылап отырғандарды бір мәмілеге келтіру. Үкімет  пен оппозицияның қандай шешімге келетіні жайлы айту әзірге ерте.