Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жылыту қазандықтарының жұмысы заң арқылы реттеледі

AstanaTV
20.01.2017ж. 20:00
1907
Жылыту қазандықтарының жұмысы заң арқылы реттеледі

Жылыту қазандықтарының жұмысын заң арқылы реттеу керек. Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының комиссиясы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жылу, су желілері инфрақұрылымының жаңғыртылуын қарап, осындай шешімге келді. Ортақ қазандықтардың құрылысына мемлекет қаржы құюға дайын.

Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ақша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында несие ретінде берілетінін айтты. Қаражат әкімдіктерге 20 жылға 0,1 пайызбен беріледі. 2019 жылға дейін осы мақсатқа жыл сайын 100 млрд теңгеден бөлу жоспарланған. Алайда жобаға кез келген шағын қала қатыса алмайды. Өйткені моношаһарларда қазандықтарға қызмет көрсетуді қадағалайтын мекеме жоқ.

Мархабат Жайымбетов, ҚР ҰЭМ құрылыс,ТҮКШ істері комитетінің төрағасы:


Бізде 29 моноқала, 41 шағын шаһар бар. Ал қуаттылығы аз қазандықтар саны ел бойынша 6500-ге жетеді. Олардың қауіпсіздік, бақылау сұрақтары күрделі. 2014 жылы инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті болған кезде олар барлық сұрақты шешпеген. Қазір тиісті жұмыс атқарылып жатыр.