Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарда атыста жараланған азамат жәбірленушіден күдіктіге айналды

AstanaTV
30.01.2017ж. 20:00
2586
Павлодарда атыста жараланған азамат жәбірленушіден күдіктіге айналды

Жәбірленушіден күдіктіге айналды. Павлодарда болған атыс кезінде жараланған жігіт қамауға алынды. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, бір-біріне оқ жаудырған қос азамат соттың шешімімен екі айға тергеу изоляторына тоғытылған. Кикілжің нақты неден туындағаны әзірге белгісіз. Полицейлер, бұл оқиғаға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатқанын айтумен шектеліп отыр.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Бұзақылық бабына сәйкес бұзақылық жасаған қылмыскерлер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Оқиға қаңтардың басында орын алған еді. Павлодардағы бизнес орталықтарының бірінің алдында атыс болып, 33 жастағы бір азамат ауруханаға түскен. Тәртіп сақшылары енді жәбірленуші де оқ атуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Белгілісі - беті мен арқасынан жарақаттанған павлодарлық бұған дейін бірнеше мәрте сотталған, жұмыссыз.