Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматылықтар Елбасы үндеуі мен жолдауын қызу талқылауда

AstanaTV
01.02.2017ж. 20:00
2128
Алматылықтар Елбасы үндеуі мен жолдауын қызу талқылауда

Қазақстанның саяси-экономикалық әлеуетін арттыруда мықты Үкімет пен лауазымды Парламент керек. Президент үндеуін жан-жақты талқылаған алматылық ұстаздар осындай пікірде. Мұнымен жастар қауымы да келіседі. «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы Әуезов аудандық филиалының өкілдері Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті ұжымымен кездесті.

Бауыржан Досмағамбетов, тарихшы:

Тәуелсіз Қазақстан болуы, шекаралардың белгіленуі, көптеген істер жасалды. Екіншісі - экономиканы көтеру барысында «Қазақстан - 2030» стратегиясы. Дәл осы стратегияның өзінде Президентіміз кезінде 7 тармағында мынандай айтып кеткен: «Кәсіпқой мемлекет болу керек»,- деп. Бізге қазір кәсіпқой мемлекет керек, мықты Үкімет керек және лауазымды Парламент керек. Осының арқасында мына шығып отырған реформаларды тек қана шығармай, соны жүзеге асыруымыз қажет. Оған жауап беретін мықты Үкімет болуы тиіс.

Сондай-ақ нұротандықтар Президент Жолдауындағы мемлекеттік тіл мәселесінің жүзеге асырылуы туралы жастардің пікірін тыңдады.

Айгүл ЕРМАХАН