Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ сенаты Ресейге енгізілген санкцияларды алып тастауды қиындататын заң жобасын ұсынды

AstanaTV
09.02.2017ж. 20:00
2471
АҚШ сенаты Ресейге енгізілген санкцияларды алып тастауды қиындататын заң жобасын ұсынды

АҚШ сенаты Ресейге енгізілген санкцияларды алып тастауды қиындататын заң жобасын ұсынды. Оның басты артықшылығы: егер АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы қойылған санкцияны алып тастау туралы бастама көтерсе, конгресс қарсы «вето» жариялауға мүмкіндік алмақ, - деп хабарлайды Рейтерс агенттігі.

Мұнымен қатар Ақ үй әкімшілігі мұндай қадамға не үшін барғанын ашық мәлім етуі керек. Алайда сенаторлар осы шараның өзін кепілдік ретінде санамайтын сыңайлы. Сондықтан аталмыш құжат, санкцияны алу туралы қадам жасалса, АҚШ конгрессі 4 ай ішінде қарсы дауыс беретіндей етіп жасалған. Бұл бастаманың негізін салушылар - Ресейге қарсы айыптауларымен танылған Линдси Грэм және Бен Кардин. Оларды әріптестері Джон Маккейн мен Марко Рубио және көптеген саясаткерлер  қолдап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Батыс пен Ресей арасындағы дау-дамай Қырымды өзіне қаратып алудан басталған еді. Салдарынан АҚШ пен Еуроодақ Мәскеуге қарсы санкцияларды әлі күнге дейін ұзартып келеді.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ