Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Пәкістан мен Ирактағы теракт салдарынан 140-қа жуық адам опат болды

AstanaTV
17.02.2017ж. 20:00
2546
Пәкістан мен Ирактағы теракт салдарынан 140-қа жуық адам опат болды

Пәкістандағы жарылыс салдарынан көз жұмғандардың саны 72 адамға жетті. Тағы 250-ге жуық адам әр түрлі деңгейде жарақат алған. Рейтерстің хабарлауынша, опат болғандар әлі де артуы мүмкін. Себебі көбінің жағдайы аса ауыр хәлде.

Теракт Сехван-Шариф қаласында болған. Жанкешті халық көп жиналған орында бомбаны іске қосқан. Жарылысты «Джамаат-уль-Ахрар» мен ДАИШ содырлары өз мойнына алды. Дәл сол күні, осыған ұқсас жағдайда, Бағдатта болған жарылыстан 55 адам мерт болған еді. Лаңкестер мина қойылған жеңіл көлікті Ирак астанасының оңтүстік өңірінде іске қосқан. Мұнда да жарақат алғандардың саны 60-тан асып жығылады. Бұл қылмысты да ДАИШ әскері мойнына алған.