Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Биыл 6 облыстағы елді мекендер қызыл судың астында қалуы мүмкін

AstanaTV
21.02.2017ж. 20:00
2733
Биыл 6 облыстағы елді мекендер қызыл судың астында қалуы мүмкін

Биыл Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысытарының елді мекендері тағы да қызыл судың астында қалуы мүмкін. Мұны Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.

Еліміздің ірі су қоймаларының барлығы бірдей еріген қар суын сыйдырып, өткізуге дайын емес. Оның айтуынша, елде 27 гидротехникалық құрылыс апатты жағдайда тұр. Оларға жөндеу қажет. Сонымен қатар тағы 380 гидротехникалық құрылғылар апатты деп танылмаса да, олардың жағдайы көңіл көншітпейтінін айтты. Иесіз жатқан 40 шақты су қоймасы да бар.

Қалмұханбет Қасымов,  ҚР Ішкі істер министрі:

Биыл Қазгидрометтің болжамы бойынша, үлкен су Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күтіледі. 918 елді мекен және тас жолдар мен темір жолдардың 1500 учаскесі қауіпті аймаққа жатады деп танылды. 

Жергілікті әкімдіктердің су қоймалары мен бөгеттерге қаржыны үнемдейтінін де айтылды.  Тасқынның салдарын жоюға республикалық бюджеттен жыл сайын қыруар қаржы жұмсалады. Мәселен, 2010-2016 жылы 17,9 млрд теңге бөлінген аймақтардан, ал республика апаттың салдарын кетіруге 30 млрд теңге жұмсаған. Ал Үкімет басшысы облыс әкімдеріне жағдайды бақылауда ұстап, су тасқынына дайын болуға тапсырма берді.