Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында жекенің малын бағатын үш адамға оқ тиіп, қаза болды

AstanaTV
21.02.2017ж. 20:00
3921
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында жекенің малын бағатын үш адамға оқ тиіп, қаза болды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында жекенің малын бағатын үш адамға оқ тиіп, қаза болды. Бұл оқиғаға байланысты бір адам ұсталған. Бұл ақпаратты облыстық ішкі істер департаменті хабарлады. Белгілісі, қамауға алынған адам ауылға техника жөндеуге барған. Ал олардың арасындағы кикілжіңге себеп болған не? Әріптесім Жақсыбек Кемал тақырыпты толықтырады.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Қайтыс болған үш адамның екеуі бір үйдің адамдары, яғни әкелі-балалы. Олар өткен жылдан бері шаруа қожалығында жылқы бағып келген. Елді мекенге жақын маңда орналасқан тағы бір қожалықтың малшысы оларға жиі келіп тұрыпты. Аудан әкімінің айтуынша, оқиға болатын күні қаладан көлік жөндеуге келген адаммен бірге барлығы ішімдік ішкен.

Мамырғали Аққағазов, Байғанин ауданының әкімі:

Сол арада жұмысшылар арасында арақ ішудің соңында кикілжің туып, соның кесірінен сондай жағдайға жетті. Бүгінгі таңда ол тергеу жұмыстары жүруде. Шаруашылық басшысымен кездескен жоқпын. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жүретін болады. Бүгінгі таңда тергеу болып жатқасын, біз араласып жатқан жоқпыз.

Ал әкесі мен бауырынан айырылған Райымбек Әйтекенов іс бұрмаланып кетеді деп қорқады. Оның айтуынша, қарулы адам інісі мен көрші ауылдың малшысын үйдің ішінде атқан. Ал әкесінің мүрдесі ауыл сыртынан табылыпты. Ол құзырлы органдардан істің ақ-қарасын анықтап, тергеудің  дұрыс жүргізілуін сұрайды.

Райымбек Әйтекенов, қаза болған Б.Бұқарбаевтың ұлы:

Ұйықтап жатқан жерінен келіп атқан інімді. Ал Мыңжан дегенді отырған жерінде атқан. Әкем одан қашып бара жатқанда, артынан қуып жүріп снегоходпен, атқан. Өлтірген кісіні ақтап отыр деп естіп отырмын да. Бұл жерде қалай? Мыңжан деген кісі менің інімді атқан болып тұр, әкем келіп, Мыңжанды атып, одан далаға қашып, содан үсіп, жүрегі ұстап, үсіп қалыпты деп шығарыпты деп естіп отырмын.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Ал, облыстық ішкі істер департаменті бізге бұл оқиғаға байлынысты тек жазбаша ақпарат беруге келісті. Онда күдіктіге іліккен азаматтың ұсталғаны хабарланыпты. Оқиғаның анық-қанығын тергеу амалдары аяқталған соң ғана жария етпекші.

Жақсыбек КЕМАЛ