Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Омбудсмен балаларды қауіпті интернеттен қорғау туралы Үкіметке үндеу жолдады

AstanaTV
21.02.2017ж. 20:00
2996
Омбудсмен балаларды қауіпті интернеттен қорғау туралы Үкіметке үндеу жолдады

Балаларды қауіпті интернет-контенттен заңмен қорғау керек. Адам құқы жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Үкіметке осындай үндеу жолдады. Мұны омбудсменнің баспасөз қызметі хабарлады. Оның ойынша, соңғы уақытта баланы суицидтке итермелейтін ойындар мен сайттардың көбейгені сонша, қолдағы норма олардың жолына түбегейлі тосқауыл бола алмайды. Сондықтан заңмен тыйым салмаса, болмайды, - деп отыр. Ол Ұлыбритания немесе Ресей тәжірибесін зерттеп, бізге де «18 жастан асқандарға» немесе ұялы телефон интернетінде бірден «балаларға арналған» контент жүйесін қалыптастыру керек, деп есептейді. Сондай-ақ заңда ата-аналар мен провайдерлердің жауапкершілігін арттыру да қарастырылуы тиіс, делінген.