Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Премьер-министр ЕАЭО аясында ортақ «ойын тәртібін» енгізуді ұсынды

AstanaTV
07.03.2017ж. 20:00
2193
Премьер-министр ЕАЭО аясында ортақ «ойын тәртібін» енгізуді ұсынды

Одақ аясында «ортақ ойын тәртібі» керек. Әсіресе, кәсіпкерлер тиімді байланыс орнату үшін интеграциядан көп үміт күтеді. Сондықтан бизнесті бірге бақылайтын тетіктердің сапасын арттыруға тиіспіз.

Бүгін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысқан Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Премьер-министр Еуразиялық экономикалық одақ елдері арсында сауда-саттықты арттыру үшін, кедергілер мен шектеулерді азайту керек деді. Отырыста бірқатар өзекті сұрақтар талқыланды. Мүше елдер агарарлық өнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығы көліктерін құрастыруды дамытуға басымдық бермек. Айта кетейік, Үкіметаралық кеңес - Одақ елдерінің Үкімет басшыларынан құралған ЕуразЭО органы.

Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Күн тәртібіндегі біраз мәселе қаралды. Басым бөлігі сауда-саттықты кеңейтуге қатысты. Ортақ экономикалық кеңістіктегі алыс-берісті қорытындыладық. Сондай-ақ, порттарға қатынауда кедергілерді азайту, өнеркәсіпте өзара байланысты нығайту пысықталды. Барлық сұрақтар жіті қаралды, шешімдер бірауыздан қабылданды.