Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Болашақта қандай мамандық керексіз болып қалады?

AstanaTV
10.03.2017ж. 20:00
3599
Болашақта қандай мамандық керексіз болып қалады?

Болашақта көмір өнеркәсібі саласының жұмысы тоқтауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Ведомство басшысы, энергия көздерінің көбеюіне байланысты кей саланың болашақта сұраныстан шығатынын, мәлімдеді. Алайда бұл үдеріс техника мен заманауи механизмдердің дамуына байланысты болғандықтан, қазір дөп басу қиын екендігін алға тартты. Тамара Дүйсенова бұл орайда мамандық иелерін талапқа сай жаңа технологияға бейімдеу жұмыстары да жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ министр жиында әйелдер мен ерлердің жалақысындағы айырмашылықтарға байланысты туындаған сұраққа жауап берді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Егер мектептегі әйел мұғалім мен ер мұғалімнің жалақысын салыстырсақ, екеуінде айырмашылық жоқ. Қай аймақта болсын, барлығы тең. Өйткені бұл салада біріңғай стандарттар бекітілген. Ал егер тау-кен өндірісі мен зиянды өнеркәсіптерде жұмыс істейтіндердің жалақысын алсақ, айырмашылық бар. Бұл бірінші кезекте жұмысты орындау көлемі мен ауыртпалығына байланысты ғана. Сондықтан жалақыға келгенде әйелдердің құқығын шектеу бар дегенге келіспеймін.