Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ОСК төрағасынан сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысын өсіруді сұрады

AstanaTV
15.03.2017ж. 20:00
3173
ОСК төрағасынан сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысын өсіруді сұрады

Сайлау комиссиясының мүшелері саяси науқан кезінде төленетін жалақы көлемін өсіруді сұрайды. Олар өз бұйымтайын Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевқа жеткізді.

Вера Бурдина,  округтік комиссия төрағасы:

Біздің округте 7 учаске бар. Кешкісін, демалыс күндері де жұмыс істейміз. Жұмысқа жауапкершілікпен қараймыз. Сол үшін барлығы 3 АЕК көлемінде ғана жалақы аламыз. Осы арылықта негізгі жұмыстағы еңбекақымыз жүрмейді. Демек айлық жағынан ұтыламыз. 

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қосымша бюджеттік шығындар жіті қаралатынын айтты. Бүгінгі басқосу мәслихат депутаттарының орнына сайлау өткізуді пысықтау үшін, өткізілді.

Бұл жолғы сайлау 26 наурызда 58 сайлау округінде өтеді. ОСК төрағасының мәліметінше, босаған депутаттық мандаттарға үміткер саны 201 адамды құрайды. Оның 63-і саяси партиялардан, 138 адам өзін өзі ұсынған. Орта есеппен бір орынға үш үміткерден келеді. Олардың орта жасы 40-та. 13 облыстық, 9 қалалық және 36 аудандық мәслихатта сайлау өтеді. Үміткерлерді тіркеу ережесі де өзгерген.

Берік Имашев, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасы:


Барлық аймақтық органдардан ұсыныс болды. Біріншіден, уақытты нақтылау. Қашан ұсынады, тіркеу қашан аяқталады? 24.00-ге 5 минут қалғанда құжаттарды тапсырмау үшін, онда рәсімдеу келесі тәулікке ауысады. Біз оны 18.00-ге ауыстырдық. Халықаралық тәжірибе сондай.