Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Туристік символ қазылар көңілінен шықпады

AstanaTV
15.03.2017ж. 20:00
2319
Туристік символ қазылар көңілінен шықпады

Астана қаласының туристік символы қазылар алқасының көңілінен шықпады. Қаңтар айында бас қаланың туристік белгісін бекіту үшін арнайы конкурс жарияланған болатын. Оған жүзден аса жұмыс келіп түскен. Алайда тәжірибелі мамандардан жасақталған қазылар алқасы олардың ішінен лайықтысын таппады. Сондықтан байқау тағы жиырма күнге созылатын болды.

Ерлан Каналимов, Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы:

Толық тақырып ашылмаған. Мағынасы жеткізілмеген. Сондықтан да істеген авторлар келіп, комиссия мүшелерімен жолығып, қандай ескертпелері бар, бұл кісілер айтып береді ол кісілерге, олар оны түзеп, тағы да екінші этапқа қатысуға болады.