Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстан ЭКСПО көрмесіне орай оншақты мемлекетке тегін павильон ұсынған

AstanaTV
27.03.2017ж. 20:00
2679
Қазақстан ЭКСПО көрмесіне орай оншақты мемлекетке тегін павильон ұсынған

Қазақстан «ЭКСПО 2017» көрмесіне орай оншақты мемлекетке тегін павильон ұсынған. Солардың бірі Украинаға көлемі 35 шаршы метр болатын павильон бұйырды. Көрмеге қатысуға дайындық жұмыстары қыза түсті, - дейді осы елдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі. Көрменің комиссары болып Украинаның вице-премьері Геннадий Зубко тағайындалған. Ал 15 шілдеде «Украинаның күндері» өтеді деген жоспар бар. 

Володымыр Джиджора,  Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі: 

Президент Назарбаевқа тосын сый дайындап жатырмыз. Днепродзержинскіде оқып жүрген кезде тыңдаған әуендері мен Украин әншілерін де ұнататынын білдік. Сондықтан өнерпаздарды әкелеміз деген ойымыз бар. Мәдени бағытта керемет қойылым қойсақ деген жоспарымыз бар. Жалпы Президент мырзаның бізге халықаралық көрме кезінде тегін алаң ұсынғанына алғысымыз шексіз. 

Көрме жұмысына Украинаның энергетика саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялары келмек. Олардың бірқатары ЭКСПО көрмесіне қатысатынын ресми түрде нақтылаған. Сенімді уәкілдің сөзінше, көрме кезінде ел тұрғындарымен қатар Украина аумағы арқылы еуропалықтардың да көптеп келетіні ескерілді. Киев-Астана, Киев-Алматы бағытында қосымша әуе рейстері ашылмақ.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ