$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Депутаттар дәрі-дәрмектің рецептісіз босатылуына қарсы

AstanaTV
12.04.2017ж. 20:00
1875
Депутаттар дәрі-дәрмектің рецептісіз босатылуына қарсы

Депутаттар дәрі-дәрмекті рецептсіз босатуға қарсы. Мұндай жағдай тым көп кездеседі дейді. Шет елдерде бұған рұқсат жоқ. Оған қоса фармацевтердің кеңес беруін де құптамайды. Олар үнемі қымбат дәрі ұсынады. Және соңында препарат жақпай, ауруға шалдығатындар бар дейді. Әр дәріханада науқасты тексеріп, рецепт жазатын медициналық бөлме болу керек. Емханалардағы дәрігерлердің белгілі өнімдерді өткізуге мүдделі екені де жасыруға келмейтін шындық. Сондықтан дәрі-дәрмекті сатудың этикалық және кәсіби нормаларын енгізу қажет деп санайды.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Көп жағдайда дәріханаға келген адамдар қандай дәрі алу керегін сұрайды, Сырқат белгілерін айтады.  Әлбетте, сатушы қымбат дәріні ұсынады. Науқастардың өз сырқаты туралы интернеттен оқып алатыны тағы бар. Ұсынылған дәрілерді барып ала салады. Дәрігерге қаралуды қажет деп таппайды.