Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандық заңгерлер топан судан зардап шеккендерге тегін құқықтық көмек көрсетпек

AstanaTV
20.04.2017ж. 20:00
2499
Қазақстандық заңгерлер топан судан зардап шеккендерге тегін құқықтық көмек көрсетпек

Қазақстандық заңгерлер қызыл судан зардап шеккен халыққа тегін құқықтық кеңес бермек. Республикалық адвокаттар коллегиясы әріптестерін "pro bono", яғни қоғамдық игілік үшін акциясына қатысуға шақырды. Олар өтемақыны кімдер ала алады, бүлінген тұрмыстық техниканың шығынын өтеу үшін қандай процедуралардан өту керектігін, тұрғындардың тағы да басқа сұрақтарына жауап беретін болады. 

Мұқан Мұқанәлі, Республикалық адвокаттар алқасының заңгер-кеңесшісі:

Зардап шеккен мүлкі үшін өтемақы алу үшін адамның заңдастырылған мүлкіне құжаттары болуы тиіс. Нұқсан келтірілген мүліктің өтемақысын өтеу үшін адамдар акиматтарға жүгініп, арыздарына жеке басын куәландыратын құжатты, сонымен қатар зардап шеккен мүліктің тізбесін қосып береді. Содан кейін акиматтар сарапшыны тағайындап, мүліктің бағалауын өткізеді.