Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды

AstanaTV
25.04.2017ж. 20:00
2564
Қазақстандық боксшы Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды. Ол - мексикалық боксшы Норберто Гонсалес. Көпшілікке "Әзәзіл" деген лақап атпен танымал Гонсалестің жасы 35-те.

Ол кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 2007 жылдан бері бағын сынап келеді. Бірінші жекпе-жегінде Абнер Фуентесті екінші раундта сұлатып түсірген. Өзінің кәсіпқой боксқа ауысқан бірінші жылы Гонсалес 10 кездесу өткізген. Және барлығында жеңіске жеткен. 2008 жылы шаршы алаңға бес рет шығып,барлық қарсыласын шаң қаптырды.

Еске сала кетсек, Қанат Ислам да ақтық бәсекеде бразилиялық Робсон Соарешті нокаутпен жеңген. Бокс бәсекесі 23-ші мамырда АҚШ-та өтеді деп жоспарланып отыр.

Елдос САПАРҒАЛИ