Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Назарбаев университетінің студенттеріне «Отан үшін отқа түскендер» фильмі көрсетілді

AstanaTV
03.05.2017ж. 20:00
2736
Назарбаев университетінің студенттеріне «Отан үшін отқа түскендер» фильмі көрсетілді

Ұлы жеңістің 72 жылдығына орай «Отан үшін отқа түскендер» деректі филімі Назарбаев университетінің студенттеріне көрсетілді. Мақсат - студенттерді ардагерлердің жанқияр ерліктері суреттелген тың деректермен таныстыру.

Іске мұрындық болған «Нұр Отан» партиясының хатшысы, фильмнің идея авторы - Зауытбек Тұрысбеков. Тың деректер партия хатшысының Украина, Молдова, Ресей Федерациясында төтенше және өкілетті елші болған кездерінде жиналған. Партия қолдауымен түсірілген фильмде жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев және Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов сынды қаһарман тұлғалар сомдалған. Көрсетілімнен кейін "Нұр Отан" партиясының хатшысы студенттерді толғандырған сауалдарға жауап берді.

Қадиша Даирова, Назарбаев университетінің вице-президенті:

Зауытбек Тұрысбекұлы өзінің еңбек жолында қайда болса да, отан үшін от кешкен қазақстандықтардың тарихын зерделеумен айналысқан. Бүгін ол кісінің еңбегінен тарихи тұлғалардың тың ақпараттарын естіп білдік. Студенттердің де, біздің де алғысымыз шексіз. Себебі өз кезегінде ардагерлерді сыйлайтын біздің студенттер олардың отты жылдардағы кешкен қасіретін бұрынғыдан да терең білді деп есептеймін. Өткен тарихты білу болашағын ойлаған әр азамат үшін аса маңызды.