Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстан уран өндірісі бойынша көшбасшылық позицияны сақтап қалмақ

AstanaTV
15.05.2017ж. 20:00
6750
Қазақстан уран өндірісі бойынша көшбасшылық позицияны сақтап қалмақ

Әлемдік нарықта уран бағасы төмендесе де, Қазақстан уран өндірісі бойынша көшбасшылық позицияны сақтап қалмақ. Бұл туралы Парламентте өткен Үкімет сағатында энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Бүгінде Қазақстан Уран қоры бойынша жаһанда екінші орында.

Сондықтан біздің өндірісіміз шикізаттың әлемдік бағасына әсер етеді. Демек, әлемдік алпауыттар бізбен санасады. Ал осындай байлықты ұстап отырған Қазақстанға уран өндірісінен қанша табыс түсіп жатыр? Айгүл Әдепбай анықтауға тырысты. 

Айгүл Әдепбай, тілші:

Уран өнеркәсібінің дамуы мен перспективалары депутаттарға да, журналистерге де қызық болды. Энергетика министрін халық қалуалылары да, тілшілер де сұрақтың астына алды. Сонымен біз 2009 жылдан бері уран өндірісі бойынша бірінші орындамыз әлемде. Ал әлемдік қордың 12 пайызы қазақ жерінің астында жатыр. 

Уран - атом энергетикасына қажетті стратегиялық шикізат. Сондықтан оған әлем елдері қызығып отыр. Қазақстанда уранның барланған негізгі қорлары Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында шоғырланған. Шетелдік компаниялар да уранды сол жерден қопарып алып, қарық болып жатыр. Депутаттар "Қазақстандық үлес қанша?" деп алаңдады. 

Ахмет Мурадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз Қытай, Ресеймен жұмыс істейміз. Әріптестеріміз өте көп. Өндіріс бойынша біз көш бастап тұрмыз дедіңіз. Осы өндіріліп жатқан уранның қаншасы Қазақстандікі, қайсысын біз басқарып отырмыз? Үлесі қандай? Көптеген келісімдерде Қазақстанның мүддесі шектелмеген бе?

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

"Қазөнеркәсіп" кәсіпорнының құрамына Франция, Канада, Жапония, Қытай, Ресей компаниялары мен бірлескен кәсіпорындар бар. Онда Қазөнеркәсіп компаниясының қатысу үлесі 30-дан 65 пайызға дейін. Бүгінде уран өндірумен 12 компания, оның ішінде Ресей, Қытай, Франция, Канада, Жапонияның, Қырғызстанның бірлескен 11 кәсіпорны айналысады.

Қазақстан ураны толығымен шетелге экспортталады. Былтыр әлемдік нарықта уран бағасы 40 пайызға төмендегенде, біздің ел өндірісті 10 пайызға азайтты. Бұл 22 мың тонна шикізат. Әлемдік өндірістің 3 пайызы. Бұл жаһандық бағаға әсер етті. Құны бірден 20 пайызға көтерілген. Ал қазір өндірісті арттыруға немесе демпинг жасауға негіз жоқ көрінеді. Әлемде барлық  өндірілген табиғи уранның 39 пайызы - Қазақстанның үлесі. Ал бюджетке осы өндірістен қанша теңге пайда түсіп жатыр, деген сұрақты министр жауапсыз қалдырды. 

Ақшаның көлемін айта аласыз ба санмен?  

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Жоқ, қазір нақты айта алмаймын. Жылдың қортыныдысын талқылағанда айтып беремін сізге.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Бұл сұрақты депутаттар да айналып өтті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ