Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астана қаласының тұрғыны ЭКСПО көрмесінің аумағында өнер көрсететін «дю Солей» циркіне билет алып, санын соғып қалды

AstanaTV
29.05.2017ж. 20:00
2447
Астана қаласының тұрғыны ЭКСПО көрмесінің аумағында өнер көрсететін «дю Солей» циркіне билет алып, санын соғып қалды

Астана қаласының тұрғыны ЭКСПО көрмесінің аумағында өнер көрсететін канадалық «дю Солей» циркіне билет алып, санын соғып қалды. Алена Габ өзі мен туған-туыстарына 7 билет алған. Бірақ енді оған қосымша шығындану керек болып отыр. Өйткені циркке бару үшін ЭКСПО көрмесінің кіру билетін қосымша алу керек екенін жуырда білген. Бірақ ол цирктен бас тартпақ емес. Ол тек, халық мен сияқты тосын сыйға тап болмаса, дейді.

Цирк билетінің құнына ЭКСПО-ға кіру құнын бірден қосу керек еді. Сонда сұрақ та, күтпеген осындай тосын сыйлар да аз болар еді. Цирк басталған кезде бірінші күндерден-ақ есік алдында дау болатын сияқты. Бұл көрмеге жағымсыз әсер қалдырады. Өйткені адамдардың көбі екі билеттің екі түрлі сатылып жатқанын білмейтін тәрізді.

Алайда дю Солей циркіне билеттің бөлек сатылатынын, ал көрмеге кіру құны бөлек болатынын ұйымдастырушылар әу бастан ескерткен еді.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы 2.05.2017 ж.:

Все, кто имеет билет на выставку, могут посещать эти мероприятия, за исключением цирка дю Солей.