Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
жүйесін 3 миллион адамға түсіндіру үшін 45 мың шара өткізілген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының өкілдері айтты. Саяси ұйым насихат жұмыстары
мұнымен тоқтатпайды. Мұны қоғамдық қабылдаулар бөлмелері жүзеге асыратын
болады.
Жұмажан
Жүкенов,
«Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:
Республикалық қабылдау бөлмесінде және де барлық аймақтық қабылдау бөлмелерінде біз осындай шаралар өткізіп жатырмыз. Бізге Денсаулық министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері келіп, осындай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған дайындық аясында 80 сұрақ келіп түсті әрбір аймақтан. Сол 80 сұраққа біз министрлік тарапынан нақты жауап алып жеткіземіз.
Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Жаңа
жүйеге көшу оңай емес. Бұл да оңайшылық болмайды. Ереже бойынша біз осы 1
шілде күні көшуіміз қажет еді. Ал енді біз 1 шілдеден бастап қорды құрып, сол
қор өз жұмысын атқарады. Ал медицина саласы түгел 1 қаңтарда 2018 жылдан. Біз
сонда жарты жылға оның мерзімін өзгерттік.
Айбек ҚОСАН