Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанның киелі жерлерін тіркеуге шыққан экспедиция Алматыға келді

AstanaTV
30.06.2017ж. 20:00
3685
Қазақстанның киелі жерлерін тіркеуге шыққан экспедиция Алматыға келді

Елдегі 500-ге жуық тарихи-мәдени нысандар «Қазақстанның киелі жерлері» картасына енгізілетін болды. Бұл туралы Қазақ ғылыми зерттеулер және мәдениет институтының бас сарапшысы, географ Түгелбай Бекбергенов айтты.

Экспедиция мүшелері Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тарихи мәдени нысандарды аралаған. Картаға енгізілетін нысандардың қатарында туристерді керемет табиғаты және үздік сәулеті мен ескілігімен таңқалдыратын Есік қорғандары, Көлсай, Қайыңды, Шарын және Жаркенттегі мешіт бар. Сондай-ақ тізімге қаладағы Қастеев мұражайы мен Шымбұлақ тау-шаңғы кешені және Медеу мұз айдыны кірді. Экспедиция құрамында 4 адам бар. Олар он күннен соң, еліміздің басқа өңірлеріне сапарға шығады. Ондағы кереметтерді де картаға енгізіп, әлемге паш ету мақсаты бар.

Түгелбай Бекбергенов, Қазақ ғылыми зерттеулер және мәдениет институтының бас сарапшысы, жоба авторы:

Тарихи - мәдени ескерткіштерін, содан кейін киелі жерлерді түсіру, екінші карта - виртуалды жерлерді түсіру. Оның ішіне ең маңызды мәдениетті - туристік инфрақұрылым кіргізу.  Осы 2 карта биыл басталды. Арғы жылы 2 карта да бітіп, халыққа таратылады. Туризм Қазақстанға жақсылық әкеледі, экономиканы көтереді дегенге сенімдімін.