Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы мен бірқатар министрліктер арнайы меморандумға қол қойды

AstanaTV
30.06.2017ж. 20:00
5463
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы мен бірқатар министрліктер арнайы меморандумға қол қойды

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында "Нұр Отан" партиясы мен бірқатар министрліктер арнайы меморандумға қол қойды. Партияның орталық аппаратында өткен шараға құзырлы ведомство өкілдерімен қатар Мәжіліс депутаттары қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ешбір кедергінің болмауын қамтамасыз ету. Бұл, әсіресе мүгедектерді жұмыспен қамту, олардың инклюзивті білім алуына жағдай жасау тұрғысында жүзеге асырылады. Бүгін қол қойылған құжат бірнеше министрліктің бірлесе жұмыс артқаруына ықпал етеді. "Нұр отан" партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов «Кедергісіз келешек» жобасы қолға алынған үш жылдың ішінде нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу барысында 34 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды. 9 мыңнан астам әлеуметтік нысанның инфрақұрылымы тексерілді. 11 мыңдай іс шара өткізіліп, жоба аясында 455 мыңдай азамат қамтылды. 467 кәсіпкерлік субъект қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде көптеген кемтар жанға нақты көмек көрсетілді.