Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астана өзінің он тоғызыншы туған күнін тойлауды бастады

AstanaTV
04.07.2017ж. 20:00
2327
Астана өзінің он тоғызыншы туған күнін тойлауды бастады

Астана өзінің он тоғызыншы туған күнін тойлауды бастап кетті. Дәстүр бойынша Президент осы мерекенің алдында Мемлекеттік Туды көтеру салтанатына қатысты. Салтанатты шаралардың басталғанын ресми түрде жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев әр мемлекет, әр азамат үшін Ту деген ең жоғарғы құндылық екенін атап өтті. Сондай-ақ, көк байрағымызды қалай таңдағанын еске алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Кезінде 25 жыл бұрын маған Тудың бірнеше мәтінін алып келген кезде, мен бір түсті, жолақ емес, аспан түсті көк Туды қаладым. Ол дұрыс жол сілтеу деген сөз елге. Бірлік, бәріміз бірміз, бір түстіміз, бір ойдамыз, бір жүректеміз, бір Отанымыз бар. Көк байрағымыз 25 жылдың ішінде еліміздің алдында желбіреп келе жатыр. Осы тудың арқасында тәуелсіздік құрдық, Қазақстанды дүниеге белгілі еттік. Сондықтан көк Туды құрметтеу, көк Туға бас ию, тәуелсіздікті құрметтеумен бірдей болып саналады. 

Сонымен қатар, Президент қалыптасқан үрдіс бойынша әскери білім ордаларының курсанттарына лейтенант шенін табыстады. Шара алғаш рет 2009 жылы өткізілген болатын. Сол кезден бері 108 түлекке әскери шен тапсырылды.