Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазпошта бөлімшелерінде ТҚЖБ-нің сервистері ақысыз көрсетіледі

AstanaTV
04.07.2017ж. 20:00
2022
Қазпошта бөлімшелерінде ТҚЖБ-нің сервистері ақысыз көрсетіледі

Баспаналы болғысы келетіндер енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозиттерді Қазпоштаның бөлімшелерінде аша алады. Тіпті шалғай елді мекендердің халқы да пошта бөлімшелерінде ешбір қиындықсыз салым ашуға мүмкіндігі бар. Ал қызметтер тегін көрсетіледі, яғни ақысыз сервис қолданысқа енгізілмек.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төрайымының орынбасары мәлімдеді. Банк пен Қазпошта арасында екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Қазіргі таңда банк қызметін 950 мың салымшы пайдаланады. Ал депозиттік қоры 460 миллиард теңгеге жеткен.

Жанар Жұбаниязова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары:

Өздерінің салымдарын толықтыруға немесе өздерінің несиелерін өтеуге 0 процент комиссиямен бұл шараларды біздің салымшылар өтей алады. Бұдан бұрын бұл қызметтер үшін салымшылар өтеу сомасы 1 пайыз тұғын.