Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астана күніне ЭКСПО көрмесінің де өз тартуы бар

AstanaTV
06.07.2017ж. 20:00
3034
Астана күніне ЭКСПО көрмесінің де өз тартуы бар

Астана күніне ЭКСПО көрмесінің де өз тарту-таралғысы бар. Бұл күндері кейбір туристерге халықаралық көрмені аралау тегін болады. Ал мерекелік отшашуға дейін, шет елдік және отандық жұлдыздар арнайы концерттік бағдарлама әзірлеген.

ЭКСПО қалашығының Астана күніне арнайы сый-сияпаты бар. Ол 1 және 10 шілде аралығында 17 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Ал кешкі 18.30-дан бастап, барлығына бірдей 50 пайыз жеңілдік. Бәлкім, содан балар, бүгін қалашықта жастар мен балалар толып жүр. Ал келімді-кетімді қонақтарды еріктілер ерінбей-жалықпай қарсы алып, позитивті көңіл-күй сыйлауға тырысып жатыр.

Еріктіні еріккен деп, ел арасында күлкіге айналдырып жатады. Өйткені бұл жастар шынымен тегін жұмыс істейді. Мәселен, Көкшетаудан келген 3-курс студенті Венера күніне 8 сағат бойы аяғынан тік тұрып, осылай қонақтарды қарсы алады. "Болашақтың энергиясы" жастардың бойындағы сарқылмайтын күш-қуат десе де болады.

Мне нравится заряжать людей энергией. От людей тоже идет отдача. Они тоже улыбаются. Это мне нравится.

Орта есеппен ЭКСПОға күніне 30 мыңдай адам келеді. Халық мұнда елдің түкпір-түкпірінен жетуге асық. Ат арытып Ақтаудан келген әжелі-немерелі туристер де сәл аялдап, тынығып отыр.

Ылия Құдабайқызы, Ақтау қаласының тұрығы:

Немерелерімізге тегін. Апам екеуімізге 50 де 50 пайыз. Бірінші қазақ павильонына кірдік. Бәрін көрдік. Шыны жолдан да өттік.

ЭКСПО аумағында балаларға қызықты танымдық дүние көп. Мәселен, "Жүрекжұтқан ғалым" қойылымы оқушыларды үйіріп, түрлі зерттеулер жасайды. Бұл британдық "Шелл" компаниясының павильоны. Батыстағы Қарашығанақ, Қашаған сияқты ірі мұнай өндірісі орындарының инвесторы.

Мөлдір Бақыт-Қызы, тілші:

"Шелл" компаниясының энергетикалық зертхана павильоны. Мұнда жастарды білімге- ғылымға ынтасын ояту мақсатында барлығы жабдықталған. Адамдамы  болашақта қандай экологиялық пролемалар күтіп тұрғаны туралы толыққанды ақпарат алуға болады. Ақпарат сондай қолжетімді. Ойын форматынды. Мысалы, әрбір адам 10 сұраққа жауап беру арқылы өзінің жеке планетасын жасақтайды. Мен 6 сұраққа жауап бердім. Қазір қалған 4 сұраққа жауап беремін. Және жеке планетамның қандай екеніне көз жеткіземін. Менің планетамның бас қаласы Астана, онда 1 млн адам тұрады. Негізгі энергия көзі - күн сәулесі, әрбір адам қоқыс қалдықтарын жинауға өзі жауапты. Ал су проблемасын теңіздің тұзды суын тұщы суға айналдыру арқылы шешеміз. Ал қалғанын қазір өз көзімізбен көреміз. - Міне, Мөлдір планетасы.

Анатолий Леонтьев, "SHELL" энергетикалық зертханасы павильонының директоры:

Мы пытаемся максимально привить стремление и тягу к знаниям у молодого поколения.

Ал ЭКСПО қалашықтағы Астана күніне арналған басты шара бүгін кешкі 21.30-да амфитеатрда өтеді. Онда Роза Рымбаева, Асылбек Еңсепов, Әли Оқапов, Ерболат Құдайбергенов және «МузАрт лайф», «The Magic of Nomads», «Орда» тобы, Майра Мұхамедқызы және Талғат Мұсабаев, Хулио Иглесиас пен «Gipsy Kings» тобы өнер көрсетеді.