$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Балалар арасындағы республикалық сурет байқауы басталды

AstanaTV
01.06.2025ж. 08:18
212
Балалар арасындағы республикалық сурет байқауы басталды

Елімізде «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балаларға арналған республикалық сурет байқауы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйенсек, байқауға еліміздің барлық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың еңбекке және жұмысшы мамандығындағы адамдарға деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашу. Әсіресе, бала туындысында өндірістік мамандықтарға ерекше назар аударылуы тиіс.

Қатысу шарттары қарапайым:

жұмысшы мамандығының кейіпкерін салу;

суреттерді Instagram-ға #ЖанымыздаБатырлар және #ЖұмысшыМамандықтарыЖылы хэштегтерімен жариялау;

@kazakhmys.news және @rumcdo_official аккаунттарын белгілеу;

өтінішті konkurs_parlament@mail.ru поштасына жіберу.

Әр орынға бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал үздік 10 жұмыс қала көшелерінде билбордтарға ілінеді. Сайыс қорытындысы 19 маусымда www.ziyatker.org сайтында жарияланады.