Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Теңге құнсыздануы мүмкін деген болжам айтылуда

AstanaTV
12.07.2017ж. 20:00
3087
Теңге құнсыздануы мүмкін деген болжам айтылуда

Ұлттық  валюта бүгін тағы әлсіреді. Қазақстан қор биржасының сауда-саттығына сай 1 АҚШ доллары 328 теңге болды. Айырбас пункттерінде көк қағаз 329, кей орындарда 330  теңгеге сатылып жатыр. Қазақстан қор биржасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюктің сөзінше, халықтың 99 пайызы нарықта тек АҚШ ақшасын пайдаланады. Соңғы үш айда көк қағаздың нарықтағы сауда айналымының көлемі  9 миллиард доллардан асып түсті. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 34 пайызға артық. Көк қағаз құнының нығаюы аясында төл теңгеміз құнсыздануы мүмкін. Бұған АҚШ экономикасының күшті әлеуеті себеп болып отыр дейді,- Андрей Цалюк.

Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Әлемдік нарықта доллар бағамының өсуіне байланысты, девальвациялық толқынның келу қаупінің көрсеткіші жоғары. Яғни көк қағаз индексі өсіп барады. Себебі түсінікті. Бұл тікелей АҚШ-тың экономикасы мен онда жүргізіліп отырған саясатына, мұнай бағасы жөніндегі ОПЕК елдерінің өзара келісімдеріне байланысты. Доллардың сатылуы мен сатып алыну көлемі тоқсан сайын және жарты жылдықта ақырындап ұлғайып келеді.