Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Марқұм Жампозовтың бейнеүндеуіне қатысты тексеру жүргізілмек

AstanaTV
25.07.2017ж. 20:00
2961
Марқұм Жампозовтың бейнеүндеуіне қатысты тексеру жүргізілмек

Мемлекет ақшасын жұмсады деп айыпталған марқұм Өмірбек Жампозовтың бейнеүндеуіне қатысты тексеру жүргізілетін болады. Бұл туралы Жоғары сот судьясы Ербол Рахымбеков Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз жиынында жариялады.

Ербол Рахымбеков,  ҚР Жоғарғы сот судьясы:

Марқұмның бейнеүндеуіне қатысты  тексеру жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам жасамай, нәтижерін күту керек. Сонымен қатар, марқұм аяқтамай кеткен ісіне қатысты, әзірге қандай үкімі болатын білмейміз. Ол айыптау немесе ақтау үкімі болуы мүмкін.

Еске салайық, сотқа тартылған айыпталушы Өмірбек Жампозов тағылған кінәмен келіспей, прокурор мен тергеушіге оқ атқан болатын. Кейін өз өзіне қол жұмсады. Оның өлімінен кейін әлеуметтік желіде алдын ала жазылған бейнеүндеуі жарияланды. Онда айыпталушы соттың әділ шешім шығарарына күмән келтірген. Ол дәл сот үкімі шығатын күні қайтыс болды. Бұдан соң судья істің қайта жалғасатыны туралы шешім шығарды. Келесі отырыс шілденің 31-іне жоспарланып отыр.