Тараз қаласында жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған гараж өртеніп, үйге өрттің таралу қаупі туындады.
Жедел жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан гараждың ішінен машинаны көріп, оны тез итеріп шығарды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өртті тез арада сөндіруге мүмкіндік туды.
ТЖМ ақпаратынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады.