Премьер-министр Олжас Бектенов цифрландыру мәселелері бойынша комиссия отырысын өткізді. Онда жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамыту жолдары талқыланды. Министр Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік деректер суперкомпьютерге қосылған. Енді жасанды интеллектке арналған заң жобасы әзірленіп, арнайы білім беру бағдарламалары іске қосылады. AI-терапевт, салық көмекшісі, аудармашы сияқты жаңа цифрлық қызметтер дайындалып жатыр. Ал QazTech платформасы арқылы мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі қауіпсіз жасауға мүмкіндік бар. Жаңа цифрлық жүйе халықтың сұранысын тез өңдеуге көмектеседі. Ал Жасанды Интеллект технологиясы мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.