$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Алматыда Нұркент ықшамауданының тұрғындары өзгелердің қарызы кесірінен жарықсыз қалды

18.07.2025ж. 19:30
90
Алматыда Нұркент ықшамауданының тұрғындары өзгелердің қарызы кесірінен жарықсыз қалды

Алматыда Нұркент ықшамауданының тұрғындары электр қуатына зәру. Бірнеше күн бұрын жарық өшіп, соның кесірінен үйдегі тұрмыстық-техникалар күйіп кеткен. Ал дүкендердегі тауарлар бұзылып, нан тауып отырған кәсіпкерлердің саудасы жүрмей тұр. Электр энергиясы жоқ болғандықтан жеделсаты да істен шығыпты.

АИДА ӨМІРСЕРІКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қарыз дейді. Кім қарыз, не себепті қарыз бізге ешкім нақты жауап айтып жатқан жоқ.  Светтің өшуіне байланысты үйде өте көп техникалар күйіп жатыр.

Жарық өшуінің  себебі «Нұркент-1» тұрғындарының энергиямен қамтамасыз ететін компанияға берешегі көбейіп кеткен. Яғни, төлем талаптарын сақтамай, әбден қарызданған азаматтардың кесірінен ықшамаудандағы бүкіл пәтерде күн сайын таңғы сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін электр қуаты өшіріледі.

РИЯТ КЕНЖЕТАЕВ,ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ ИНЖЕНЕРІ:

Бізге қазір АЖК компаниясы 4 млн 800 қарыз деп беріп отыр. Кск өз тарапынан потому что голова учетта,  приборда Алатау театрнының жанынан РП-дан ПК нұркент тұр. Договор бір-ақ договорда.  40 үйдің 8-і бөлініп кеткен ОСИ/ ПТ болып. Қалған үйлер Нұркенттің қарамағында. Біз өз тарапымыздан өз қарыздарымызды АЖК-ның алдында төлеп қойғанбыз.

Электр энергиясымен қамтамасыз ететін кәсіпорын өкілдері: «Нұркенттегі үйлер жарықты тікелей емес, Нұркент-1 кешені арқылы алады»-дейді. Негізгі тұтынушы аймақ жарықтың соммасын толық өтемесе, бұл теңгерімдегі өзге пәтерлерге де әсер ететін көрінеді.

НҰРГҮЛ ҚАСЕНОВА, ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ АЛАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БАСШЫСЫ:

Нұркент 1-дің өзі қосылып тұрған светке Нұркент 1ден алып тұр. Оның астында бұлар субпотребитель дейді. Суб болып тұр. Содан Нұркент 1ді өшірген соң астынан субпотребительдер автоматический өшеді.

Тіршілігі тұралаған жұрттың айғайы мұнымен шешілген жоқ. «Компанияға берешегі бар азаматтар қарызын толық өтеген соң ғана жарық қосылатын болады»,-деді жауаптылар.