Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Құрылыс компанияларынан жиналған пара «аспаннан алынған» - Бәйтерек Девелопмент дирекциясының экс-басшысы

AstanaTV
15.11.2017ж. 20:00
2512
Құрылыс компанияларынан жиналған пара «аспаннан алынған» - Бәйтерек Девелопмент дирекциясының экс-басшысы

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасына қатысқысы келген құрылыс компанияларынан түскен пара қалай есептелді? Атышулы Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында  Бәйтерек Девелопменттің экс-өкілі Бауыржан Әйтімбетов осы туралы баяндады. Ол бұған дейінгі процестерде кінәсін толықтай мойындаған. Және пара алуда Бишімбаевқа көмектесті  деп айпыталды.

Тінту кезінде Әйтімбетовтің үйінен 70 мың АҚШ доллары мен 30 млн теңге табылған. Ол көк қағазды отбасының жинаған қаржысы деп мәлімдеді. Ал миллиондаған теңгенің Project City Group пен Шаңырақ-14 құрылыс компанияларынан түскен «пара» екенін айтқан.

Әйтімбетовтің сөзінше, Бәйтерек Девелопмент төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов оған пара сомасын 100 млн теңгеге жеткізіп, жинау туралы нұсқау берген

Бишимбаев-Айтимбетов:

Уточнял Джакупов какую часть денег мне надо было передать? – Нет. -То есть он не говорил «Накопится сто, из них такую-то часть мы отдадим Бишимбаеву»?  - Да. Там было дословно «Ты должен собрать до ста, там математика другая, часть из этих денег для К.В.» -А сколько всего денег всего денег вы должны были получить от Project City Group? -Я не в курсе.

Мәди Мырзағараев, Бишімбаевтың қорғаушысы: 

Біздің ойымызша, бұл жауаптарды өзгерту болып табылады. Кеше ол басқаша сөйлеген. Біраз эмоцияға берілдім деп еді. Бүгін сотқа дейінгі тергеуде айтқан жауаптарын қайталап отыр. Әлдекімдердің алдында моральдік міндеттері болғанын айтты.

Осылайша, Бишімбаевтің қорғаушылары Әйтімбетовтың жауабында жүйесіздік барын айтады. Сот процесі әлі де жалғасады. Өз кінәсін мойындаған 20 адамнан кейін кезек Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Сұлтан Нұрлыбекке де жетеді.