Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Барыс» хоккей клубы «Сібірге» есе жіберіп алды

AstanaTV
21.11.2017ж. 20:00
2338
«Барыс» хоккей клубы «Сібірге» есе жіберіп алды

2018 жылғы футболдан өтетін әлем чемпионатының жеребе тарту салтанатына әлемнің аты тарихқа айналған үздік аяқдопшылары келеді. Бүгін ФИФА рәсімге кімдердің келуі мүмкін екенін жария етті. Олардың арасында Лоран Блан, Гордон Бэнкс, Фабио Каннаваро, Кафу, Диего Марадона, Карлес Пуйоль, Диего Форлан сынды футболшылар мен футбол ардагерлері бар. Ал кешті Англия құрамасының экс-ойыншысы Гарри Линекер және тележүргізуші Мария Командная жүргізетіні мәлім болған.


«Барыс» ХК өзінің кезекті сырт алаңындағы ойынында «Сібірден» тас-талқан болып жеңілді. Есеп 4:0. Бұл осы маусымдағы дәл осындай есеппен тізе бүгіп отырған екінші кездесу. Енді ертең есені қайтарудың орайы туындауы мүмкін. Жеңілу салдарынан астаналықтар үшінші орыннан қағылып отыр. Алайда кесте турнирындағы есеп айырмасы көп емес, сондықтан күтпеген команда жеңіс тұғырына көтерілуі мүмкін.



Хоккейден халықаралық федерация шет елдік хоккейшілерді олимпиада ойындарына қатыстырмаса, ресейлік ұйымдастырушыларға айыппұл салуы мүмкін. Бұл Халықаралық олимпиада комитетіне ресейлік спортшыларды шеттеткені үшін берілген жауап тәрізді. Федерация президенті Рене Фазель КХЛ керек болса, осылайша қысым көрсетеміз дейді.



Макао гран-приі спорткарлардың жаппай қақтығысуымен аяқталды. Испандық Даниэль Хункаделья бұрылыстардың бірінде қабырғаға соғылып, артындағылар айналып өте алған. Алайда, соңғы келе жатқан 15 спортшы бір біріне соғылып, 4-ақ көлік бүтін қалды. Жарыс кейін тағы да өткізілген, алайда оған 20 спортшының тек сегізі қатысты.