Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

2018 жылдың басында Елбасының АҚШ-қа сапары жоспарланған

AstanaTV
27.11.2017ж. 20:00
2136
2018 жылдың басында Елбасының АҚШ-қа сапары жоспарланған

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қабылдады. Ержан Қазыханов мемлекет басшысына келесі жылға жоспарланған сапарға дайындық барысын баяндады.

Айта кетейік, 2018 жылдың басында Елбасы Құрама Штаттарға мемлекеттік сапармен барады деп күтіліп отыр. Бұл сапардың аса маңызды екенін Президент айрықша атап өтті. АҚШ-та жоғары деңгейдегі бірқатар кездесулер өтеді деп жоспарланған.

Выстроили отношения, все идет нормально, Вас ждут там, Нурсултан Абишевич. После телефонного разговора, приглашения... и настроение очень хорошее, позитивное.

Сондай-ақ осы сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынына қатысады деп күтілуде. Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.