Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда «қарулы жихад» жасамақ болды деген күдікке ілінген топ ұсталды

AstanaTV
28.11.2017ж. 20:00
2453
Алматыда «қарулы жихад» жасамақ болды деген күдікке ілінген топ ұсталды

Алматыда «қарулы жихад» жасамақ болды деген күдікпен бір топ азамат ұсталды. Олар ел аумағында заңсыз деп танылған «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының әрекетін насихаттаған  бейнежазбаны әлеуметтік желілер арқылы таратпақ болған. Осылайша, қоғамда бүлік ұйымдастырып, құқық қорғау органы қызметкерлеріне қоқан лоққы жасауды көздеген сыңайлы.

Ішкі істер департаменті ресми өкілінің мәліметінше, үш күдікті қамауға алынған. Оларға Қылмыстық кодекстің 256 бабы 1 тармағына сәйкес айып тағылды. 50 мен 43 жас аралығындағы үш адам Алматыға өзге аймақтардан келген. Полицейлер біреуінің осыған дейін «адам өлтіру» фактісі бойынша сотты болғанын анықтапты.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Олардың барлығының заңсыз әрекеттері негізі құқық қорғау органдары және олардың отбасыларына қатысты болып отыр. Алматы қаласында бүлік шараларын және қоғамдық тәртіпке бағынбаушылық шараларын ұйымдастыруды жөн көрген азаматтар қазіргі таңда қамауда.

Жұмағұлов, Омыров және Әбішевке қатысты тергеу жұмыстары басталды. Олардың қарулары мен пәтерінен табылған басқа да айғақ заттар сараптамалық зерттеуге жіберілді.