Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматыда жалған «халал» өнімін шығаратын 3 мыңдай өндіріс орны бар - М.Сәрсенбаев

AstanaTV
29.11.2017ж. 20:00
4329
Алматыда жалған «халал» өнімін шығаратын 3 мыңдай өндіріс орны бар - М.Сәрсенбаев

«Халал» өнім шығаратын кәсіпорындардың 600-ге жуығы ғана арнайы сертификат алған. Қазақстандағыалал индустриясы" қауымдастығының басшысы Марат Сәрсенбаев осылай дейді. Денсаулық сақтау министрлігі 11 кәсіпорынның «халал» деп шығарған шұжықтарынан доңыздың ДНК-сы табылғанын мәлімдеген еді. Сәрсенбаев мырза арнайы рұқсатсыз  "халал" атын жамылыпелді алдайтындарға заңмен тиым салу керек деп отыр.

"Халал стандарты" 2004-ші жылдан бері енгізілген. Әлем бойынша халал өнімдерді сертификаттау орталығы Малайзияда орналасқан. Қазақстандық Марат Сәрсенбаев "Халал индустриясы ассоциациясын" құрып, сол елден арнайы сертификат алған. Содан бері бұл қауымдастық отандық халал өндірісімен айналысатындарға рұқсат береді. Алайда, сертификат алмай-ақ халал деп жазып қойып өнімін шығаратындар көп көрінеді.

Марат Сәрсенбаев, Қазақстандағы «Халал индустриясы» ассоциациясының төрағасы:

Алматыда 3 мыңға жуық «Халал» деп өзін позицировать ететін өндірістер бар. Ал мен берген 600 компания ғана. Мүфтиятта мен берген компанияларды дублировать етіп бір 70-80 компанияға берген шығар. Бәсекелестік орта болғаннан кейін, оған қауқарлы болып үйрену керек. Ешкімді алдамай, бәсекеге қабылетті болса.

Санитар дәрігерлер ет өнімдерінен 145 сынама алып, жартысына жуығының құрамынан доңыз ДНК-сын анықтаған. Оның 11-і - қазақстандық кәсіпорындардың өнімі. Өзгелері шет елден енген тауарлар. Ресей мен қырғыз елі өнімдерінің үлес салмағы басым болған. 

Жандарбек Бекшин, ҚР қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы (10.11.2017):

40 сынамада ет өнімінің қаптамасында көрсетілмеген шошқа етінің ДНК-сы анықталды. Бұл технологиялық талаптарды бұзу. Мәселен, шошқа еті бар өнім де, халал таңбалы ет өнімдері де бір қондырғыда жасалады. Өндірушілерге тиісті ескерту жіберіліп, 38 тонна ет өнімдері сатылымнан алынды.

Бұл жағдай "халал" деген жазбаның қадірін қашырып тұр. «Халал» брендін тек мұсұлмандар  емес, өзге дін өкілдері де ұнатады, бірақ...

Татьяна, қала тұрғыны:

Өзім алған өнімде мен жемейтін малдың еті болмағанын қалар едім. Ол діни көзқарастан емес. Денсаулығыма байланысты. Ал халал өнімге шошқа етінің қосылғаны құптарлық емес.

Ардақ Әбдірахманов, қала тұрғыны:

Күмәнді шұжықтар қазір көп. Неше түрлісі қосылады. Қазір ашып көрсе тауықтың сүйегі, жүндері, неше түрлі күмәнді нәрселер көрінеді.

Марат Сәрсенбав "маркировка туралы заң керек, онсыз, халал атын жамылған сапасы күмәнді өнімдер сауда сөрелерін жаулағаны жаулаған" дейді. Ал министрлік тарапынан осы жылдың 9 айында мыңнан астам жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. 107 іс бойынша сот үкімі шықты. Салынған айыппұл мөлшері  21 млн теңге. 

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Шұжықпен қатар, «Халал» белгісі бар қалбырдағы бұқтырылған сиыр етінен де шошқа ДНК-сы  табылған. Жалпы, жыл басынан бері денсаулық сақтау министрлігі 36 мың өнімді алып, құрамын зерттепті. Оған қазынадан 60 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде, өнімнің 2200-ге жуығы талапқа сай келмегені анықталды.