Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Оңтүстікқазақстандық ұн өндірушілер бұдан былай астық тапшылығы мен вагон жетіспеушілігін сезінбейтін болады

AstanaTV
04.12.2017ж. 20:00
3048
Оңтүстікқазақстандық ұн өндірушілер бұдан былай астық тапшылығы мен вагон жетіспеушілігін сезінбейтін болады

Оңтүстікқазақстандық ұн өндірушілер бұдан былай астық тапшылығы мен вагон жетіспеушілігін сезінбейтін болады. Қазақстан темір жолы жүк тасымалының басшысы Оралхан Кулаков осылай деді. Мәселені шешу үшін ұлттық тасымалдаушылар өңірге арнайы барып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Оралхан Кулаковтың айтуынша, бүгінде тепловоз да, вагондар да жеткілікті. Тіпті Сарыағаш станциясынан Өзбекстан, Ауғанстанға кететін вагон санын 18-ден 22-ге дейін арттыру көзделген.

Оралхан Кулаков, «ҚТЖ жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы: 

Бір вагонның тиеліп жатқанын қарасақ, 1 тәуліктен асатын жағдай болып тұр. Негізі норматив бойынша біздің санауымыз бойынша тиелетін 3 сағат, 4 сағат болса жететін еді деп ойлаймыз. Бүгін түнгі жұмыс жоқ элеваторларда. Демалыс күндер ставка екі есеге қымбатқа түседі. Сондықтан кәсіпкерлер ол бағаға келіспейді. Вагон тиелуді күтіп тұрады. Біз 24 сағат істейміз дейді. Негізі, Ауған жерінде астық түсіретін базар  түс кезінде 12 жұмысын бастайды да, 5-те базар жабылады. 5 сағат істейді. 5 сағат ішінде 200 вагон түсіре алмайды. Сондықтан вагондарымыз Ауғанның шекарасына тіреледі де тұрады.

Жұмыс жүріп, проблема қайталанбас үшін, тәртіп пен жүйелілік керек, дейді Оралхан Кулаков. Бүгінде бидай тасымалдайтын 9 700 вагон бар. Жабық вагондар саны жеті жарым мыңнан асады. Тұтынушылардың өтінішін 100 пайыз жабамыз, деп отыр ұлттық тасымалдаушы. Тариф те жыл аяғына дейін өспейді. Ал ұн өндіруші кәсіпорындар тұрақтылық сұрады.

Жанна Зубарев,  «GRAIN HOUSE-555» ЖШС бас директоры: 

Алдағы 1-2 айда осы жағдай сақтала ма, жоқ па, біз осыдан қорқамыз. Нарықтық жағдай, ешкім кепілдік бере алмайтынын түсінеміз. Дегенмен, бізге тұрақтылық керек.

Бұдан былай Қазақстанның вагондары өзбек шекарасында, кейін Ауғанстан аймағында айлап тұрмайды. Ұлттық тасымалдаушы аталған өңірлерге барып, мәселені шешіп қайтқан. Енді жылжымалы вагондардан қойма жасап қоятындарға айыппұл қолданылады.