Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматы облысында биыл берілуі тиіс 4 білім ордасының құрылысы әлі аяқталмаған

AstanaTV
07.12.2017ж. 20:00
2126
Алматы облысында биыл берілуі тиіс 4 білім ордасының құрылысы әлі аяқталмаған

Алматы облысында биыл берілуі тиіс 4 білім ордасының құрылысы әлі аяқталмаған. Мердігер мекемелер жұмыс кестесінен кешігіп келеді. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов Алматы облысына жұмыс сапары кезінде айтылды. Облыс активі бас қосқан жиында басқарма басшылары өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Демографиялық өсім жоғарлауына байланысты облыста баспанамен қамту ісіне де басты назар аударылып отыр. Қазір облыста 500-ге жуық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оған бюджеттен 60 миллиард теңге бөлінген. Партия хатшысы облыстық филиалда партия активімен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Ғабидолла Әбдірахымов жетісулық жастармен жүздесіп, облыстық "Жас Отан" жастар қанатының жұмысымен танысты.